Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл аманаты» жобасы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге сеп болуда

«Ауыл аманаты» жобасы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге сеп болуда. Қызылорда облысында бағдарлама аясында былтыр 700-ден аса, биыл 610 жаңа жұмыс орны ашылған. Қала тұрғыны Бауыржан Сәрсенов 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. 12 жылдан бері жиһаз құрастыратын ол, қажетті станогына биыл қол жеткізген. Оған «Ауыл аманаты» бағдарламасы мүмкіндік берді дейді. Төмен пайызбен несе алып, жұмысын одан әрі жандандырған. Тапсырыс өте көп екенін айтады. Кәсіпкер Алматы, Астана қалаларына да жиһаз жөнелтіп отыр. Алдағы уақытта өндірісін кеңейту жоспарында бар. 

БАУЫРЖАН СӘРСЕНОВ, КӘСІПКЕР:

2,5 пайызбен алған қаражатымыз бізге өте тиімді. Неге, өйткені 7 млнды басқа банктер арқылы алатын болсаң кемінде 10 млн қылып қайтарасың. Ал бұл жерде бізде үстіне қосылып тұрған үстеме тегін десек болады. 7 млнды қайтарып отырмыз деп есептесек болады. Және де бұның тағы бір жеңілдігі 6 ай каникул алуға болады екен.