Алматы әуежайының көлік полициясы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 жастағы Ресей азаматшасын ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Мәскеу-Алматы рейсінің келуінен кейін болған. Әйел ұшу кезінде агрессивті және орынсыз әрекет көрсеткен. Ол әдепсіз сөздер айтып, экипаждың ескертулерін елемей, тәртіпті сақтау талаптарын орындаудан бас тартқан.
"Әйел ұсақ бұзақылық және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 25 АЕК (92 300 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов.