Русский Сайттың толық нұсқасы

Токиода бала туу көрсеткішін арттыру үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2024
  • 299

Жапония астанасы Токиода отбасылық уақытты және бала туу көрсеткішін арттыру үшін 2025 жылдың сәуірінен бастап төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бұл туралы CNN хабарлады. 

Жаңа тәртіп бойынша қызметкерлер аптасына үш күн демалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар бастауыш мектептің алғашқы үш сыныбында оқитын балалары бар ата-аналарға жалақысының белгілі бір мөлшерінен бас тарту арқылы жұмыс күнін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ Жапон үкіметі халық санын көбейту үшін ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.

Сарапшылар елде туу көрсеткішінің төмендеуін – Жапонияда еңбек мәдениетіне талап жоғары екенімен және өмір сүру құнының өсуімен байланыстырады. Жұмыс уақытының ұзақтығы – Жапония корпортаивінің көптен бергі проблемасы. Бұл денсаулыққа да зиянын тигізеді. Өте көп жұмыс істеу өлімге, яғни Жапонияда танымал «кароши» деп аталатын жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. 

Токио отбасылық саясатты жүзеге асыратын Азиядағы жалғыз қала емес. Сингапур де осы жылы барлық компанияны қызметкерлер үшін икемді жұмыс тәртібін қарастыруға мәжбүрлейтін жаңа нұсқаулар енгізді. Ол төрт күндік жұмыс аптасын немесе икемді жұмыс уақытын қамтуы мүмкін,-деп жазады Қазақпарат.