Русский Сайттың толық нұсқасы

1 маусымнан бастап барлық теміржол вокзалында жолаушылар жүктері тексеріле бастайды

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2017
  • 2527

1-ші маусымнан бастап теміржол вокзалында жолаушылардың қол сөмкелері мен жүктерін тексеру жүргізіледі. Бірақ бұл жаппай емес, таңдаулы ғана жүктерге жасалмақ. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі хабарлаған. Оның айтуынша, тексеру террорлық қаупітілік жарияланғанда, тіпті жарияланбағанда да жүргізілетін болады. Яғни күдік тудырған қол жүктері тексерілмек.

Айта кетейік, мұндай шараны жүргізу биылдан бастап енгізіліп жатыр. Ақпанда Алматы-1, Алматы-2 вокзалдарында жүктер қарала бастады. Ал сәуірде Астанада осындай тексеріс басталған еді. Енді бұл тәртіп аймақтардағы барлық вокзалдарға енгізіледі.