Русский Сайттың толық нұсқасы

“Ажырассақ та, балаларымызды бірге тәрбиелеп жатырмыз” – Мақпал Жұмабай

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2024
  • 248

Ақын, арт және медиаменеджер Мақпал Жұмабай тележүргізуші «Әйгерім Сейфолланың сырласуында» қонақта болып, жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің сөзіне қарағанда, ол жолдасымен 8 жыл бұрын айырылысып кеткен.

Ұлдарыммен ақылдаса келе, мен айтамын деп шештім: сегіз жылдан бері балаларымның әкесімен бірге тұрмаймын. Бірақ балаларды бірге тәрбиелеп жатырмыз. Балалардың өсуі, барлық ауыртпашылығын, қиыншылығын бірге бөлісеміз. Ондай әке әлемде жоқ деп ойлаймын. Бұл жағынан да ізгі жолмен жүруге тырыстық, - деді Мақпал Жұмабай.