Алматыда 8 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тен бастап қар жауа бастады. Күндізгі кезеңде 609 арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 159 құмшашқыштың күшімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізіліп жатқанын айтты. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1480 тонна пайдаланылды.
64 шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес, қарды тырмалау әрбір 5 см жаңа жауған қардан кейін жүргізіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.
Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды. Қарды жол жиегіне сыпырғаннан кейін жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес, коллонналар құрылып, қарды шығару ұйымдастырылады.
Қар жауғаннан кейін жолдардың, тротуарлардың, пандустардың шекаралас бөлігін қардан толық тазарту жүргізіледі.
Аудан әкімдіктерінде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, ауа температурасы -3 және 5°С, одан әрі 9 желтоқсандағы түнгі кезеңде -11 пен -13°С дейін төмендейді. Түнде айтарлықтай жауын-шашынсыз. 9 желтоқсанда жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6 және -8 °С.