Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жалған аккаунттар ашқан": Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2024
  • 225

Қазақстанда алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығынан келген хабарламалар ретінде жалған хабарламалар таратып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратқан алаяқтар туралы ескертеді", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Белгісіз тұлғалар қандай да бір мәліметтерді алу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысып жатқаны түсіндіріледі.

Агенттік қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.