Астана
қалалық мәслихатына сайланған депутаттар тізімі де белгілі болды. Бұл туралы
әкімдіктің баспасөз қызметі хабар таратуда.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, округтік сайлау
комиссияларының хаттамалары негізінде қалалық сайлау комиссиясы қорытынды
шығарған.
Елордада өткен дауыс беру шараларына 400 мыңнан астам сайлаушының 74
пайызы қатысқан. Сайлау бюллетеньдеріне
56 кандидат енгізілген еді. Алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының
алғашқы сессиясы 25 наурызда өтеді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА