Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының прокуратурасы синтетика тарататын дүкенді анықтады

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2024
  • 162

Дилерлер синтетикалық есірткіні таратудың жаңа әдісін қолдана бастады. Telegram-да "Геркулес" атты синтетика тарататын чат-бот дүкен жұмыс істеген. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде "кладмендер" ұсталып, 3 келі синтетикалық дайын өнім ретінде мефедрон тәркіленді. Олар интернет дүкендерінің бірі арқылы 5 300 магнит тапсырыс берген. Есірткіні сол магнитпен бірге орап, темір жабдықтарға жабыстырып кетіп жүрген. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Сондай-ақ, олардың мобильді құрылғыларында заңсыз ақша транзакциялары жүзеге асырылатын криптографиялық әмиян табылды. Оған қатысты параллельді қаржылық тергеп-тексеру жүріп жатыр.

ОЛЖАС МАРИН, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

Магниттер синтетикалық есірткі заттарын скотчқа орап, металл негіздеріне жабыстыру арқылы кеңінен қолданыла бастады.Осылайша синтетикалық есірткінің 133 млн. теңге болатын 5 300 дозасының таратылуы тоқтатылды