Русский Сайттың толық нұсқасы

10 жастағы оқушы мектепте жантүршігерлік жарақат алған

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2024
  • 220

Оқиға Әзербайжан елінің Баку қаласындағы №107 мектепте болған.

Бүгін Бакудағы Хатаин медициналық орталығында қоғам назарын аударған шұғыл ота жасалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мектеп әкімшілігі бұл фактіні растап отыр. Берілген ақпаратқа сәйкес, 5-сынып оқушысы екінші қабаттағы әжетханаға бара жатқан. Баланың жүгіріп бара жатқан сәтте есік тұтқасын оқыстан соғып кетіп, тұтқа баланың іш құрылысына қадалып қалған, деп жазды.

Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен оқушының ата-анасына хабарлаған. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің еріп баруымен бала медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқушының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Ерекше хирургиялық отаны Хатаин медициналық орталығында балалар хирургы Парвиз Самедов жасаған.