Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды қаласының екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткіні балконында сақтап сатып келген

Қарағанды қаласының екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткіні балконында сақтап сатып келген. Олардан 7 келіден астам гашиш тәркіленді. 41 және 53 жастағы азаматтар полиция мен прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құрықталды. Күдіктілер қала аумағында есірткі саудасын ұйымдастырып келген. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, биыл Қарағанды облысының аумағында есірткі заттарын тарату және граффити суреттер арқылы жарнамалаудың 5 дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бұған дейін де ірі көлемде есірткі зертханасы жойлып, 1 тоннадан астам прекурсорлар және 10 келіден астам дайын есірткі заты тәркіленген.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Заңсыз айналымнан 7 келі 630 грамм гашиш тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес оның есірткі заты екені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткі заттарын сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады”.