Русский Сайттың толық нұсқасы

Беларусь делегациясы Қазақстанның вакцинация енгізу тәжірибесін зерттемек

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2024
  • 120

Елімізге Беларусь мемлекетінен денсаулық сақтау саласындағы делегация келді. Мамандар Қазақстандағы адам папилломавирусына қарсы вакцинация енгізу шараларын зерттемек. Қос тарап тәжірибе алмасып, меймандар медицина мекемелерінің вакцинациялау мүмкіндіктерімен танысты. Айта кетейік, аталмыш екпе әйелдер арасында екінші жиі кездесетін қатерлі ісікке қарсы салынады. Биыл оны елдегі 83 мыңнан астам қыз бала алды.

ВЕРОНИКА ВЫСОЦКАЯ, ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГ:

Делегациямыздың құрамында 8 адам бар. Бәрі медицина саласының мамандары. Алдағы жылдан бастап Беларусь елі де 11 жастан асқан қыздарға вакцина егуді жоспарлап отыр. Осы орайда Қазақстанның мол тәжірибесі біз үшін өте маңызды.