Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қарызсыз қоғам" жобасы аясында келер жылы 1 млн 300 мың адамды оқыту жоспарда бар,- Э.Жұмағазиев

"Қарызсыз қоғам" жобасы аясында биыл 780 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылығын арттырды. Бұл туралы "AMANAT" партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтты. Биылғы меже артығымен орындалған. Курсқа қатысқандардың 500 мыңы мектеп оқушысы, 100 мыңнан астамы студенттер. Партия хатшысының айтуынша, келер жылы жоба негізінде 1 млн 300 мың адам арнайы курстан өтеді.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Оның ішінде 700 мыңы мынау 1 млн 300-дің ол 90 күннен артық өзінің несиесін өтей алмай жүрген адамдарды оқытамыз. Оларға несиесінің пайыздық мөлшерлемесін азайтуға көмектесеміз. Жалпы табыс көзіне дейін жеткізіп, осы несиесінен жалпы құтылуға біз септік жасағымыз келіп отыр.