Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Астана: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Астана: кеше, бүгін, ертең». Елордада осындай атаумен аймақтық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Жастардың еліміздің мәдени мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында бұл шараны Президент орталығы және «Астана дарыны» талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырған. Онда 7-9 сынып оқушылары «Астана қаласының тарихы және мәдени мұрасы», «Астана – тәуелсіз қазақстанның елордасы», «Болашақтағы Астана» тақырыптары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Еуразия жүрегінде орналасқан Астана қаласының тарихы – бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих. Бүгінде әсем қала тек әкімшілік орталық емес. Мұнда еліміздің шетелдермен жоғары деңгейдегі ресми кездесулері, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, спорт пен туризм саласындағы іс-шаралар өтеді.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін өте қызықты іс-шара өтіп жатыр. Мектеп оқушылары Астанымызда қандай кешенді жұмыстар жүргізілгенін біліп жатыр. Біз бұған дейін мұндай шараларға Елордамыздың құрдастарын шақыратын едік. Ал, бүгін өскелең ұрпаққа арнап өткізілуде. Олардың тарихқа деген қызығушылығы өте қуантарлық. Бүгін балалар қызықты деректер біліп жатыр.