Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда халықтың 34 пайызы жоғары білімді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2017
  • 4692

Қазақстандықтардың үштен бірі "күректей" диплом иесі. Алайда, заман талабына сай тең жартысы жоғары білім алуы керек. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін мәжілісте "Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту бойынша" Заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, Ресейде жоғары білімді адамдар саны бізден 18 миллионға артық. Ал, Қытайда 55 млн мектеп түлектері, 8 млн университет түлектері бар және олар осы көрсеткішті үш есеге арттырмақ. Қазіргі уақытта еңбекке қабілетті халықтың 50 пайызы жоғары білімді болуы тиіс. Бізде бұл 34 пайыз деңгейінде. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бұл дұрыс емес, біз бұл елдермен бір экономикалық кеңістіктеміз. Сәйкесінше, елдің бәсекеге қабілеттілігі үшін, тек жоғары білімді халық санына арқа сүйеуге болады. Мұны халық санының аздығымен түсіндіруге болмайды.

Ал Астанадағы жоғары оқу орындарының оқу кестесі өзгерді. ЭКСПО кезінде көлік кептелісі болмау үшін, биыл студенттер 25 мамырда толық босатылады. Ал жаңа оқу жылы тек қыркүейктің 10-ында бір-ақ басталады.