Русский Сайттың толық нұсқасы

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2024
  • 156

11 желтоқсанда елдің кей өңірінде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, ал кей өңірде аяз болады, деп хабарлайды Astana TV.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градусқа дейін қатты аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші екпіні секундына 15-20, күннің екінші жартысында 23 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.