Құрсағында 11 сәбиі шетінеп кеткен алматылық келншек ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
44 жастағы әйел 11 сәтсіз жүктілікті бастан өткерген. Оның балалары құрсағында тумай тұрып шетінеген. Екі рет ЭКО салынған. Ол да сәтсіз аяқталды.
"Соңғы жүктілігінің 15-аптасында түсік тастау қаупімен ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған антифосфолипидті синдром деген диагноз қойған. Дәрігерлердің бақылауымен ол көптеген сәтсіздіктерден кейін ана атанды. Келіншек 34 аптада босанған. Сәбидің салмағы 2700 грамм, ұл бала”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі.