Құрылыс объектілерінің таныстырылымы дардай, бірақ іс-жүзінде оған мүлде сай келмейді. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова осы мәселені көтеріп, мердігерлер тұрғындар алдындағы міндеттерін дұрыс атқармай, уәделер жерленіп жатқанын айтты. Салдарынан баспана іздегендер жарнамадағы жақсы үйге ақша беріп, соңында сапасыз пәтерге тап болып отыр дейді депутат.
ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Пәтерлерді сатқан кезде буклеттерге әдемі абаттандыру, дамыған инфрақұрылым, көгалдандырылған алаңдар, балалардың ойын алаңдары және тағы басқалар көрсетіледі. Осыған байланысты осы пәтерлердің шаршы метрі үшін төлем біршама жоғары. Бірақ объектіні тапсырған кезде уәделердің бәрі бірдей орындалмаған жағдайлар аз емес.