Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жас жыршылардың республикалық байқауы өтті

Елордада жас жыршылар байқауы өтті. Шара ақын, жыршы-жыраулар Айбек Тәңірбергенов пен Айдос Рахметовтың шығармашылығына арналған. Сыр өңірінің қос дүлділі -жыраулық өнердің мыңжылдық мәдениетін жалғап, арқау жібін үзбей келе жатқан тұлғалар. Сонау маңғаз Маңғыстау, Сыр мен Сарыарқа бойынан келген саңлақтар екі ақынның жырларымен жүректерді тербеді. Ұйымдастырушылар республикалық байқауды өткізу арқылы жаңа есімдердің елге танылуына жол ашуды көздеп отыр. 

АЛМАСБЕК АЛМАТОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖЫРШЫ:

Бұл екі азамат та өздерінің жанынан толғау, терме, мысал, дастан, қиссалар жазып жүрген жігіттер. Негізінен бүгін беріп отырған 30-ға дейінгі балалар. Екеуінің де шығармашылығына екеуіне де 500 мың, 500 мыңнан бас жүлде қойылып отыр. Қалғандары түгелдей дерлік жүлдесіз қалмайды.