Алматыда қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды. Ол Алматыдағы есірткі зертханаларының бірінде синтетикалық есірткі өндіруге көмектесті деген күдікке ілінген. Полиция департаменті бұрынғы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Бұл қызметкердің биыл қазанда ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылғанын айтты. Жұмыстан шығу себебі кезектен тыс атестаттаудың нәтижесінде болыпты. Ол тағайындалған лауазымына сәйкес емес деп танылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.