Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да заңсыз саудадан 500-ден астам пиротехникалық өнім алынды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2024
  • 53

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жыл мейрамы қарсаңында «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз өнімнің сатылуына жол бермеуді мақсат еткен іс-шара екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 5 желтоқсанда басталып, 12 желтоқсанда аяқталмақ. Екінші кезең 20 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығына жоспарланған

- Жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы кезеңінде жеті әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 323 мың теңге болатын айыппұл салынды. Заңсыз саудадан 534 пиротехникалық өнім алынды. Лицензияланбаған өнімді қолдану қауіпті екенін еске саламыз, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Ерболат Қабыров.

Бұған дейін Петропавлда жаңа жылдық безендіруге қанша жұмсалатынын жазған едік.


 https://kaz.inform.kz/news/sko-da-zansiz-saudadan-500-den-astam-pirotehnikalik-onm-alindi-17a7f2/