Русский Сайттың толық нұсқасы

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді. Биыл Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылып, Жем өзенінің арнасы 23 шақырым және Құрсай каналы 35 шақырым тереңдетілген. Нысандарға 100-ден астам техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, Махамбет ауылында 4,5 шақырымға созылған жағалау нығайтылып, Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ал қала маңындағы Талғайран, Ақжар және Еркінқала ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынып жатыр. Айта кетейік, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Каспий теңізіне құятын жерде Жайық өзенінің сағасын тереңдету жұмыстары қолға алынған. Вице-премьер сапары кезінде Құлсары қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасымен де танысты.