Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2024
  • 273

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ертең, 14 желтоқсанда елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсіп, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Astana TV.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысында да жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 метрге жетеді.

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, ал күндіз 23-28 метрге жетеді.

Атырау облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с болады.

Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанып отыр. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының шығысында, орталығында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.