Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында прокурор әдеп нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2024
  • 91

Арқалық қаласы прокурорының орынбасары әдеп нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қостанай облысы прокуратурасының өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі Арқалық қаласы прокурорының орынбасарына тексеру жүргізді. Тергеу нәтижесінде әдеп нормаларын бұзғаны үшін қала прокурорының орынбасары қызметінен босатылды. Ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.

Бас прокурордың бұрынғы орынбасары ұйымдастырған: Қырғызстанда сайлау күні бір топ адам билікті құлатпақ болды

"Прокурор мен айыпталушы тарап бір кабинетте ақылдасып отыр": 15 жастағы ұлынан айырылған жалғызбасты әке сот процесінің әділ өтпей жатқанына наразы

"2024 жылы 26 қарашадағы тексеру қорытындысы бойынша Кенжеғарин прокурор қызметінен босатылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Аталған қызметкер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексінің 7-тармағының 1 және 6 тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Ол азаматтардың дұрыс бағаламауынан қызметкердің өзінің де, тұтастай алғанда прокуратураның да беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қызметтегі мінез-құлқына қатысты қызметтен кетті”, – деді Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов.

Ведомство бұрынғы прокурордың нақты не үшін кінәлі болғаны туралы егжей-тегжейлі дерек айтпады. Сөзінше, ол қызметтік құпия санатында.