Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңіріндегі топан судан зардап шеккен тұрғындарға толық көмек көрсетілді

Тобыл-Торғай өңірінда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар түгел баспанамен қамтамасыз етілді.Мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Көктемде дүние-мүлкінен айрылған көпшіліктің көңілі серпілді. Кеткені келді.Кемтігі толды. Мемлекет басшысының уәдесі толық орындалды, дейді көпшілік. 

Ең бірінші менің үйімді су басты, дейді Ермек Жұбанышев. Көктемгі су тасқынынан ауылдың ең шетіндегі ескі үй жөндеуге жарамсыз боп қалған.Жергілікті билік жаңа үйлердің құрылысын қарқынды жүргізді.Кент тұрғыны екі айдың ішінде жаңа қонысқа көшкенін айтады.

ЕРМЕК ЖҰБАНЫШЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Үйсіз-күйсіз, далада қалдық.Бірақ мемлекет бізді далада қалдырған жоқ.Мынадай кермете үй салып берді. Бәрі сақадай сай. Қаланың үйі секілді.Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Тасқын тұсында Алтынсары ауылындағы 147 үйді су басқан.Оның тең жартысы тұруға жарамсыз деп танылған. Ал 73 баспананы қалыпқа келтіру жұмыстары дер кезінде аяқталды. Зейнеткер Нина Вербицкая 40 жыл мекендеген қара шаңырағын бұзуға қимай,қайта жөндеткен көрінеді.

НИНА ВЕРБИЦКАЯ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Өз күшімізбен мынадай жөндеу жұмсытарын жасай алмас едік.Жасымыз да келді.Қаражатымыз да жетпейді.. Дүние –мүліктен айрылған кезде не істерімізді білмей абдырап қалдық. Бір ғана мемлекет басшысына сендік.Ал ол уәдесін толық орындады. Шексіз ризамыз.

Қостанай ауданы бойынша 292 үйді су басқан.160 баспанаға жөндеу жүргізілді. Оның алпысы мемлекеттік бағдарлама арқылы қалыпқа келтірілсе, қалғанын үй иелері өздері жөндеген.Ол үшін қаражат берілді.

МАРЖАН ДОСҚАЛИЕВА, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

292 обьект зардап шекті. Барлығына да көмек көрсетілді. Оның ішінде 94 үй тұруға жарамсыз деп саналды.Қалғандары ағымдағы жөндеуге жарамды болды.Қостанай ауданы бойынша мал шығыны болған жоқ.Мемлекет тарапынан барлық тиісті шаралар барлығы көрсетілді.

Тобыл-Торғай өңіріндегі топан судан зардап шеккен тұрғындар толық үймен қамтылып, қоныс тойын тойлады.Мал-мүлкінің де шығыны өтелді.Тонналаған гуманитарлық көмек көрсетілді.Көктемде баспанасыз қалған көпшілік,тасқынның тақсіретін ұмытып жаңа жылды жаңа қоныста қарсы алуға қамданып жатыр.