Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады. Кездесуде Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда аталмыш комитеттің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Кит МакКоннелл Олимпиада қозғалысын насихаттаудағы Қазақстан спорт қауымдастығының үлесін жоғары бағалап, ұлттық құрамаға халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.