Өткен демалыс күні Алматыда ірі жол апаты болды. Оқиғадан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Алматының Алатау ауданындағы Шаңырақ ауылының маңында болған. Бірнеше көлік соқтығысқан. Видеодан қанға боялған ер адамның жерде жатқанын көруге болады.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты 15 желтоқсан күні сағат 12:50-де Алатау ауданында болды.
"ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, ҮАК бойындағы көше қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп, бес көлікпен соқтығысты", - деп хабарлады полиция.
Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде 21 жастағы ВАЗ жүргізушісі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
"Алматы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.