Шымкентте 17 желтоқсан күні сағат 05:47-де тұрғын үйде өрт шықты. Өрт 100 шаршы метрді шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жану өнімдерінен уланған үш адам (2000, 2001, 2024 жылы туған) ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнынан 1972 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.
Өрт 06:44-те оқшауланып, 06:59-да толығымен сөндірілді", - деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.