Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанға ерекше мәртебе берілмек

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2024
  • 171

Мәжілісте Түркістан қаласына қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.

Заң жобасы аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беру көзделген.

Нақты айтқанда, қала мәслихатына 7 құзырет берілетін болады, олар:

  • қала құрылысы регламенті мен қаланың дизайн кодын;
  • сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын;
  • Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлер шығындарының бірбөлігін бюджеттен өтеу қағидаларын;
  • Қала аумағында бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын;
  • Көпшілік тамақтану, сауда және қызмет көрсету стационарлық емес объектілерін, жазғы алаңдарды орнату қағидаларын;
  • Түркістан қаласының нышаның пайдалану тәртібін бекіту.

Қала әкімдігіне 27 құзырет беріледі, олар негізгі 3 бағытқа бөлінген.

Бірінші бағыт қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағдарланған, - деді Нұрлан Байбазаров.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Түркістан қаласының әкімдігіне мынадай құзыреттерді беру ұсынылады:

  • жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің пайдаланылуына және оларды күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүргізу;
  • жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштеріне ғылыми реставрация жүргізу бойынша ғылыми-жобалау құжаттамасын келісу және т.б.

Екінші бағыт кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдануға бағдарланған.

Осылайша Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру ұсынылады:

  • қаланың дизайн кодын және қала құрылысы регламентін әзірлеу;
  • қала құрылысы кеңесін құру және оның ережесін бекіту бойынша және т.б.

Үшінші бағыт туристік қызметті қолдауды реттеу және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағдарланған.

Осылайша,Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру жоспарланып отыр:

  • кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, сондай-ақ жол бойындағы сервис бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
  • туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
  • туризм инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдау және т.б.
Сонымен қатар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесі бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ілеспе заң жобасы әзірленді. Жер кодексіне, “ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы”, “Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаужәне пайдалану туралы”, “ҚР туристік қызмет туралы” заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген, - деп түсіндірді Нұрлан Байбазаров Мәжілісте.