Русский Сайттың толық нұсқасы

«Күнде қырғын»: танымал әнші өзінен алты жас үлкен әйелімен неге ажырасқанын айтып берді

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2024
  • 165

Танымал әнші Ринат Шамшырақ өзінен алты жас үлкен бұрынғы әйелінен неліктен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші өткен жылдың соңында баласы бар визажист Аружан Төремен неке қиып, артынша той жасаған. Алайда арада бірнеше ай өткенде жас отбасының ажырасып кеткені туралы сыбыс тарай бастады. Әншінің экс-әйелі ажырасуының себебін былай түсіндіріп берді:

«Ақыры ажырасу туралы бастапты ,осы уақытқа дейін кім не десе де үндемей шыдап келдім! Мен жылап депрессияда отыратын адамдардың қатарында емеспін. Бірден осындай шешім қабылдаған жоқпын. Ұзақ ойландым. Енді бұрынғыдай жасырып қалатын нәрселерді жасырып, жақсы көрсетуге тырыспаймын. Оның отбасында бір адамға не істесем де жақпадым! Екі жастың ортасына ешкім басын сұқпау керек, оңмен солымды ажырата алатын жастамын. Мен жалғыз емеспін, өсіп келе жатқан ұлым үшін өмір сүремін, тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын! Біздің ажырасуымыздың себебі осы болды! Әрбір әйел шынайы бақытты болуға лайықты.

Менің жүрегім тыныштықты қалайды, күнде ондай қырғынмен өмір сүргім келмейді! Осыған дейінгі өтті, бітті! Қосылмаймыз, қосылмаймында! Маған енді ұят емес!» - деп жазды Аружан Төре.