Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада спортшылар тазалық қызметкерлеріне бауырсақ пен ыстық шәй таратты

Астанада спортшылар тазалық қызметкерлеріне бауырсақ пен ыстық шәй таратты. Сосын қар күреп көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасы "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылды. Толығырақ тілші бейнематериалында. 

Таң азанымен қолына күрек ұстап, көше тазалап, қызметін адал атқарып жүрген жандар қашанда құрметке лайық. Тіпті, бұл кісілер күннің аязы мен боранына да қарамайды. Осындай кезде қолдау көрсетіп жатқан жандарға алыстан басқа айтарымыз жоқ дейді.

АЛМАНБЕК КЕНДЕБАЙҰЛЫ, НҰРА АУДАНЫ ПАРК СКВЕР ТАЗАЛЫҚ МАСТЕРІ:

Бұл акцияға өте қуаныштымыз. Бұл спортшыларға әрине біздің жұмысымызды құрметтеп келіп көмек көрсетіп жатқанына ризамыз. Спортшыларға тек қана табыс тілейміз.

Акцияға грек-рим, ММА сынды спорт шеберлері қатысты. Басты мақсат- қала тазалығына үлес қосып жүрген қызметкерлерге жылулық сыйлау, дейді олар.

НҰРЛАН ҚАРАБАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ММА-ДЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Біздің қаламыздың қамын ойлайтын тазалығын ойлайтын адамдар күнделікті таңғы сағат 5 те тұрып жұмыс істейді. Уақыт жоқ ол кісілерде. Сондықтан бізге күн суық тоңдық деп айтуға ұят. Біз жас балаларға үлгі болу керекпіз. Сондықтан бізге қарап олар өседі демектей. Жақсылықтың бәрің біз жасау керекпіз.

АЗАМАТ АҒЗАМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір 8-10 спортшы қатысып жатыр. Кешке тағы да Жеңіс футбол клубының ойыншылары тағы бір Алматы ауданының комуналдық қызметкерлерімен тағы бір осындай іс-шараға шығатын болады.

Айта кетейік, игі шараның өтуіне Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы сеп болып отыр. Бұдан кейін де осындай қайырымдылық акциясын жиі өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз дейді.