Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы - елдің шикізаттық емес секторындағы инвестициялар бойынша басты хабы

Алматы - елдің шикізаттық емес секторындағы инвестициялар бойынша басты хабы. Қала әкімі Ерболат Досаев осылай дейді. Биыл мегаполисте негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Шаһар басшысы 2024 жылы атқарылған жұмыстармен және алдағы жоспарлармен бөлісті. Қала әкімі жыл басынан бері істелген жұмыстар туралы баяндады. Мегаполисті дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы айтты.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Биыл желтоқсанның басында Алматы қаласының мәслихатына 2025-2027 жылдарға арналған бюджет енгізілді. Ел тарихында алғаш рет 2025 жылға арналған қалалық бюджет 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе жоғары. 2023 жылдың басынан бастап Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жобалық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 458 млрд теңгеге жетті.

Қаладағы ауа ластануының 60 пайыздан астамы жеңіл автокөліктерге тиесілі. Сондықтан алдағы жылдары ЛРТ, БРТ, Метро сынды жоғары жылдамдықпен қозғалатын қоғамдық көліктерге аса назар аударылмақ.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Толе бидің бойында лрт істейміз. Біз анау басталған жақтан момышұлы жағынан басталады. Сосын толе бимен өтеді. Толе бимен бізге осы Абылайханға жетіп төменге түсеміз ба сосын Райымбекпен ар жағына шығып осындай бізде ЛРТ болады. 26км осы консептіні ендігі жылдың сәуір айында дайы болғаннан кейін екінші жарты жылдықта проекті бастаймыз деп осындай ойымыз бар.

Биыл жыл басынан бастап 68 мың жұмыс орны құрылған, оның 82%-ы тұрақты. Соның нәтижесінде, Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендепті. Ал қала экономикасының дамуы 5,5 пайызға өскен.