Жайық
суы көтеріліп келеді. Орал қаласы маңындағы өзен жағалауының абаттандырылған
бөлігі су астында қалды. 4 жыл бұрын осы аумаққа тақтатас төселіп, субұрқақтар
орнатылған еді. Құрылысқа 500 миллион теңге жұмсалған.
Қауіпті аумақ бүгінде
қоршауға алынды. Тұрғындар абайсызда
суға кетіп қалмас үшін құтқарушылар мен полиция қызметкерлері күзетшілік
ұйымдастырды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, Жайық
өзенінің деңгейі әлі де артуы
мүмкін. Қазір 586 сантиметрге
көтерілген. Қауіпті межеге жету үшін 260 сантиметрдей бар. Төтеншеліктер, елді
мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, дейді. Көлік жолдарын су шаю дерегі де тіркелмеген.
Марс
Отаров, БҚО ТЖД бөлім бастығы:
Саяжай
тұрғындары, су жағасына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен балаларға
қадағалау күшейтілуі қажет. Және су жағасындағы тік жарларға өте жақындап
баруға болмайды. Себебі өте қауіпті.
Еркін
КАРИН