Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2017
  • 3552

«Нұр Отан» партиясы мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Марапаттау рәсімі Астана қалалық филиалында өтті. Ұлттық музей, Жастар сарайы, Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайының бастауыш партия ұйымдарының ұжымдары алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Партия өкілдерінің айтуынша, аталған мекеме қызметкерлері партияның қоғамдық өміріне белсене араласады. Жалпы Астанада 50 мыңнан астам мәдениет саласының өкілдері  - «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Гайдар Қасенов, Астана қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:

Бізде 100-ден астам адам тіркелген бастауыш партия ұйымдары бар. Бұл, әрине, үлкен қозғаушы күш. Жыл сайын аталған ұйымдардың арасында түрлі байқаулар өткізіп тұрамыз. Жеңімпаздар республикалық деңгейде өтетін конкурсқа қатысады. 

Мырзахмет Мырзаханов, «Жастар» бастауыш партия ұйымының хатшысы:

Кәсіби мерекемізді ұмытпай, құттықтағаны үшін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына алғыс білдіргім келеді. Алғыс хат ұсынғаны, әрине, қуантады, жігерлендіреді. Біз бастаған ісімізді ілгерілете береміз.

Айбек ҚОСАН