Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2024
  • 146

«Қазгидромет» мамандары 21 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда да түнде жаяу бұрқасын жүреді.

Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылорда да көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан шығысқа ойыса жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. 

Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.


Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түеді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.


Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.


Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.


Жетісу облысының таулы аудандарда тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні - 15-20 м/с.


Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, қарлы қатқақ, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Алматыда, Қонаевта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.