Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2024
  • 148

Қазақстанда кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Енді қаскөйлер азаматтардың телефон нөміріне интернет-дүкендердің атынан промокоды бар хабарлама жібереді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әдетте хабарламада тосынсый ұтып алуға болатын сілтемелер көрсетіледі. Ал азаматтар жалған сайтқа кіргенде зиянды қосымшаны жүктеуді немесе жеке деректерін енгізуді сұрауы мүмкін. 

Мамандар күдікті сайттарға өтіп, ұялы телефонға тексерілмеген қосымша жүктемеуге кеңес береді.