Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәби сүйе алмай жүрген белгілі блогер ауыр ота жасатты

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2024
  • 83

Сәби сүйе алмай жүрген белгілі блогер ауыр ота жасатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер Елдос Қадырханов өзінің отадан кейінгі видеосын жариялады.

«Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден «өкінішке орай» деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа сүйінші сұрайтын күнге жетейік», - деп жазды блогер.

Ал блогердің оқырмандары жұбайларға сәттілік тілеп, тәлеулес екендіктерін жарыса жазды.

«Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге жетесіз, шүкір! Алла ұлық. Торсықтай ботақан бұйырсын», «Бұйырса көп балалы ата-ана болыңдар», «Алла шипасын берсін. Ем болсын. Арман-мақсаттарыңызға Алланың қалауымен жете беріңіздер», «Алла Тағалам торсықтай ұлдар мен моншақтай қыздар нәсіп етсін» деп ақ тілектерін қалдырған желі қолданушылары.