Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар, еуро және рубльдің бүгінгі бағамы белгілі болды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 88

Астана мен Алматы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльді сатып алу мен сатудың бағамы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 525,86 теңге, сату – 528 96 теңге. Астана қаласының айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орта есеппен 515,08 теңгеден сатып алады, 530 теңгеден сатады.

Алматының айырбастау пункттерінде еуро 545,32 теңгеден сатып алынады, 549,02 теңгеден сатылады. Астанада сатып алудың орташа бағамы – 543,94 теңге, сату – 553,98 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,06 теңгеден сатып алынады, 5,14 теңгеден сатылады. Астанада айырбастау пункттері рубльді 5,02 теңгеден сатып алады, 5,12 теңгеден сатады.

Бүгінгі таңда валюталардың ресми бағамы мынадай: 1 доллар – 523,86 теңге, 1 еуро – 544,34 теңге, 1 рубль – 5,11 теңге.