Қонаев қаласында мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Қонаев қаласы «Голубой залив» демалыс аймағында ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде ересектердің қарауынсыз мұз үстінде ойнап жүрген екі баланы тауып, жағаға жеткізді.
«Балалар зардап шеккен жоқ, оларды ата-аналарына тапсырды», - делінген хабарламада.
ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.