Русский Сайттың толық нұсқасы

Башар Асадтың әйелі ажырасуға арыз жазды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 141

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың әйелі Асма Асад ажырасуға арыз берді, деп хабарлайды Orda.kz.

A Haber-дің хабарлауынша, Асма Асад Сирияның экс-президентімен ажырасу үшін заңгерлік фирмаға жүгінген. Ұлыбританияда дүниеге келген, сол елдің азаматшасы болған Асма Асад ажырасқан соң Лондонға көшуді жоспарлап отыр. Асма қазір Мәскеуде қатаң бақылауда, ол Ресейден елден шығуға рұқсат сұраған, бірақ бұл өтініші әлі қарастырылуда.

Еуроодақ Асма Асадқа санкциялар енгізіп, оның шетелге шығуына тыйым салып, активтерін бұғаттады. Бұл шаралар оны күйеуі Башар Асадтың билігі кезінде жемқорлыққа және заңсыз баюға қатысы бар деп айыпталғаннан кейін қолданылды. Ұлыбритания Еуроодақтан шыққанымен, Лондон осы санкцияларды сақтап отыр.

Қазір Асма Асадты ажырасу мәселесі ғана емес, бірнеше еуропалық елдер мен халықаралық ұйымдар енгізген санкциялармен күресу де алаңдатып отыр. Сондай-ақ, 2024 жылдың мамыр айында Асмаға өткір миелоидті лейкоз диагнозы қойылған. Сондықтан Асманың анасы Сахар Атри қызының Лондонға қайтып, емін жалғастыру туралы шешімін қолдауда.