Әзербайжанның танымал әншісі, актриса Роза Зергерлі өз есімінің қазақ әншісі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Роза Зергерлі 1979 жылы дүниеге келген кезде Роза Рымбаеваның орындауындағы «Любовь настало» әні - жыл әні атанып жатқан. Роза Зергерлі өзі әкесінің, отставкадағы генерал-майордың 21 жастағы қазақ әншісінің өнеріне ғашық болып, атын Роза деп қойғанын айтады.
«Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді. Осы әйелді жақсы көріп, маған Роза деп ат қойғаныңа рахмет, әке», - дейді әзербайжан қызы.