Алматы метросының жеті бекетінде ұялы байланыс пен интернет орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бастама "Райымбек", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "М.Әуезов театры" және "Алатау" стансаларында іске асырылған. Басқа бекеттерде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әзірге тек 1 ғана байланыс операторы базалық стансасын орнатқан. Алдағы уақытта басқаларын да тарту жоспарда бар. Жолаушылар интернет игілігін қазір тек платформаларда көре алады. Келешекте вагондарға да қосу жоспарланып отыр. Метро мамандарының айтуынша, басты мақсат - қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.