Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Федерация мәліметінше, Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», - делінген федерация хабарламасында.