Алматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы 2 қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады. Үлкен сыйымдылығы бар автобустар Алматыдан облыстың Қарасай және Талғар аудандарына қатынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәселен, №256 маршрут "Мәдениет және демалыс саябағы - Ақтас кенті" қатынасымен және №249 маршрут "Төле би/Ясауи" автостанциясы" - Шамалған кенті" қатынасымен FOTON маркалы сыйымдылығы жоғары автобустармен қызмет көрсетілетін болады. Тасымалдаушы ECOBUS SERVICE ЖШС, жоспарлы шығу-жылжымалы құрамның 7 бірлігі.
Жол жүру құны қалалық маршруттардағыдай - 120 теңге. Барлық автобустар Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған.