Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркі әлеміне ортақ телеарна ашылады

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2024
  • 156

Түркі әлеміне ортақ телеарна ашу бойынша жұмыстар 2025 жылы басталады. Бұл туралы Ташкентте өткен түркітілдес елдердің медиа және ақпарат министрлерінің 6-шы отырысында айтылды.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Ортақ телеарна ең алдымен біздің еліміздің, халқымыздың мүддесін қорғайтын және мәдени тарихи оқиғаларды бір біріне көрсету, паш ету осы басты мақсат деп санаймыз.

Сондай ақ, түркітілдес елдер ұйымына мүше мемлекеттер аумағында ұлттық теле-радио арналарды тарату үшін тең жағдай жасау жайы айтылды. Тиісті келісім жобасы әзірленіп жатыр. Ақпараттық кеңістіктегі байланыс өте маңызды. Бұл ретте нақты қадамдар бар. Мәселен, ұйымның сайты мен әлеуметтік желідегі хабарлары тек ағылшын және түрік тілдерінде жарияланатын. Биылдан бастап қазақ, қырғыз өзбек және әзірбайжан тілдеріне аударыла бастады. Түркітілдес елдер ұйымының құрылғанына биыл 15 жыл. Қазақстан «Түркі дәуірі» ұраны аясында өз төрағалығын абыроймен атқарып, қараша айында оны Қырғызстанға табыстады.

Мерей Мұқажан, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Бөтен ел емеспіз бір бірімізге ашық болайық, бір бірімізді танытайық өйткені қазіргі күрделі заманда ауызбіршілігіміз өте маңызды. Құдайға шүкір, түркі әлемінде құт- береке бар, соны сақтап қалуымыз керек, одан әрі нығайтуымыз керек,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.