Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан цифрландыру бойынша әлемде 24-ші орында

Қазақстан цифрландыру бойынша әлемде 24-ші орында. Сондай-ақ аталмыш бағытта мамандар мен қызметтер саны көбейіп келеді. Десе де халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды. Мемлекет басшысы да осыған баса мән береді. Толығырақ тілшіміз тарқатады. 

Қазақстан цифрландыру бағытын дамытуда үлкен қарқын алып келеді. Мәселен IT саласы бойынша 193 елдің ішінде 24-ші орында. Сонымен қатар онлайн қызметтерді пайдалануда әлемде алдыңғы 10 елдің қатарына кіреді. Онлайн қызметке көп жүгінетінін жұрттың өзі растап отыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ешқайда шығып керек емес даже. Заказ бере саласың. Такси де үйіңе дейін келеді.
- Балаларды садикке қою үшін де онлайн ғой. Барлығы онлайн. Врачқа жазылатын болсақ та тоже онлайн. Телефон арқылы шешеміз көп нәрсені.
- Қазір бәрі қожетімді, әрі дамып келеді. Десе де қауіп қатері мен тәуекелдері де жоқ емес.

Тұрғындардың "тәуекел" деп отырғаны цифровизация саласындағы алаяқтар мен қауіпсіздік мәселесі. Осы орайда Мемлекет басшысы қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды екенін айтқан еді. Оның алдын алу үшін "мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет" деді.

РАМАЗАН КӨКЖАЛОВ, ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2024 жылдың 9 айында Әділет министрлігі 1000-нан аса іс-шара қабылдады. Ол іс-шаралар халықты құқықтық сауаттандыруға бағытталды. 75 мың адам сол іс-шараның аясында өз құқықтарын, құқықтарының бір үлесін таныды десек те болады.

Елімізде интернет арқылы қожетімді мемлекеттік қызметтер 92%-ке жетті. Осы орайда IT компаниялардың саны 18 мыңнан асып, мамандарға сұраныс артты. Салада 187 мың қызметкер бар, ал олардың орташа айлығы 673 мың теңге.

АЙНҰР ЮСУПОВА, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

БҰҰ 193 елде әр 2 жыл сайын осындай бағалауды жүргізеді. 180 параметр бойынша, яғни мемлекеттік қызметті ұсынудың маңызы, оның ыңғайлылығы, азаматтарға қолжетімділігі және қандай технология қолданылады, және оны азаматтардың өзінің түсіне білуі, сол көрсеткіштердің барлығын қосып осындай баға беріп отырады әр елге.

Президент тапсырмасымен 2025 жылы жекеменшік IT мектептерде 20 мың IT маманды даярлау үшін Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда аталмыш жоба аясында 16 мың қызметкер ақпараттық технология саласына бейімделді.