Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр – Мәулен Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2024
  • 164

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтау қаласының маңында болған әуе апатына байланысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Ақтау қаласының маңында болған әуе апаты бәріміздің көңілімізді жабырқатқаны анық. Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астанадан Ақтауға дәрігерлер мен медицина мамандарын шұғыл жеткізу жөнінде тиісті органдарға нақты міндет жүктеді. Соған сәйкес қазір зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға алынған осы шаралар ауруханаға түскендердің сауығып шығуына оң септігін тигізеді деп сенеміз. Енді мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын, деді Мәулен Әшімбаев.