Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бүгін №2 қалалық соты шаһардың бұрынғы басшысы мен қалалық әкімдіктің бөлімін басқарған 3 шендіге қатысты қылмыстық іске үкім шығарды. Экс-әкімді қолдап келгендер көп: арасында туыстары, жергілікті блогерлер мен қала тұрғындары бар. Ақ жағалыларға 2020-2022 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін рекреациялық аймақтарға, оның ішінде саябақ, жағалаулар және тағы басқа санатқа жататын жер учаскелерін заңсыз берді деген айып тағылған еді. Сотта Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, яғни алаяқтық әрекеттері дәлелденбеген. 

АБЫЛАЙ ҚАРАБЕКОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Аударма!! Сот үкім етеді: Оразбаев Қайрат Құлымұлын ҚК 361 бабының 4-бөлім 3-тармағындағы қылмыс бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқынан өмір бойы айырылсын. «Құрмет» орденінен айырылсын.

Судья жер қатынастары бөлімінің экс-басшысы Наурызбек Құмаровқа 6 жыл, қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Ерлан Қабденовне 5 жыл бас бостандығынан шектеуді үкім етті. Ал қалалық мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Ибатоллаұлы Жігер толық ақталып шықты. Залдағылар үкімге қарсылық білдіріп, гу ете түсті. Экс-әкім де аппеляцияға шағымданатынын жеткізді. Айта кетейік, 61 жастағы шенеунік Атырау қаласын екі жыл басқарған еді.