Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау түбінде құлаған ұшақта болған Қазақстан азаматтары қаза тапқан – министр

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2024
  • 266

Ақтау маңында құлаған ұшақта Қазақстанның алты азаматы болған. Олардың барлығы апаттан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстаннан алты жолаушы болған. Өкінішке қарай біздің отандастар қаза тапты»,- деді көлік министрі Марат Қарабаев Ақтауда өткен брифингте.

Ұшақта барлығы 67 адам, соның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. 38 адам көз жұмды, 29 адам аман қалған.

Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.