Русский Сайттың толық нұсқасы

Сұмдық тойлайды: Айгүл Иманбаева Қазақстан мен Англиядағы Жаңа жыл мерекесін салыстырды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2024
  • 120

Өнер иесінің сөзінше, бұл мерекені тойлауда екі елде үлкен айырмашылық бар, – деп жазады Aikyn.kz.

Айгүл Иманбаева Instagram-дағы парақшасында Лондоннан фото жариялап, Жаңа жыл туралы жазба қалдырды.

Эстрада жұлдызы, алдымен Қазақстанда бұл мейрам қалай тойланатынын айтып, артынан англиялықтардың Жаңа жылы туралы баяндады.

"Қызық, біздің елде 31 желтоқсан түнгі 00:00-де жаңа жылды кәдігімгідей "5 минут қалды, 10 мин қалды" деп күтіп алмасаң, келесі жыл келмей қоятын сияқты. Кеңес үкіметіндегі үрдіспен күтіп алады. Ал мына Англия елінде қараша айынан желтоқсанның 25-не дейін "Christmas" деп сұмдық дайындалады, тойлайды. Содан 26 желтоқсан күні көшеде туристерден басқа адам жоқ. Барлық жер жабық, тіпті метро да бір-екі күн жүрмейді. Осындай қызықтар бар", – деп жазды Иманбаева.